Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен колонияға өткізілмек болған есірткіні анықтады

@qr_iim_uu

Алматы облысындағы Аршалы ауданында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, режимдік мекеме аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға Г. есімді азамат басқарған «Газель» автокөлігін тексеру кезінде орын алды. Арнайы тексеру барысында «Айза» атты қызметтік ит көліктің артқы көрінісін көрсететін оң жақ айна тұсында күмәнді заттың бар екенін сездіріп, белгі берді. Иттің нұсқауымен жүргізілген тереңдетілген тексеру кезінде айнаның қуысынан өзіне тән иісі бар жасыл түсті зат салынған жасырын орама табылды.

Бұл сәтті операция кезінде тексеру тобының құрамында қызмет атқарған ефрейтор Тимур Қожабеков пен кинолог-маман, кіші сержант Береке Дөненбай жоғары кәсібилік пен үйлесімділік танытты. Олардың жедел әрі сауатты іс-қимылының арқасында күмәнді түйіншек дер кезінде анықталып, толықтай тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы мен құқық бұзушылыққа қатысы бар басқа да тұлғалар анықталу үстінде. Жағдай құзырлы органдардың қатаң бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыз: