Семейде 19 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

фото: depositphotos.com

Семейде 19 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен 24 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Абай облысының полиция департаменті адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті оқиға болған жерге жақын маңда жедел ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу мәліметінше, күдікті мен марқұм қыз бір-бірін бұрыннан таныған. Қазір полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмысқа қыздың күдіктіге бас тартқаны себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: