Астанада электрондық жүйесі істен шыққан көлік Есіл өзеніне түсіп кетті

фото: кадрдан

Астананың Сарайшық ауданында жеңіл көлік электрондық жүйесіндегі ақауға байланысты Есіл өзенінің арнасына түсіп кетті, деп хабарлайды 24KZ.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүргізуші мен жолаушы суға батқан көліктен өздігінен шығып, құтқарушыларды шақырған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жетті.

Сүңгуірлер судағы жағдайды зерделеп, кранның көмегімен жеңіл автокөлікті судан алып шықты, - деп хабарлады ТЖД.

Сондай-ақ оқыңыз: