Жамбыл облысында үй іргесіндегі жүгері алқабынан 140 келі қарасора анықталды
Жамбыл облысында тұрғынның үй іргесіндегі жүгері алқабынан салмағы 140 келі болатын 14 түп тыйым салынған қарасора тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ».
Гродеково ауылында орын алған бұл заңсыз егіп-өсіру дерегі полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары кезінде анықталды. Тінту жұмыстары барысында 50 жастағы жергілікті тұрғынның аумағынан есірткі құрамы бар өсімдіктер табылып отыр.
Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.