Қырғызстанда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінді

depositphotos.com

Бүгін сейсмологтар Қырғызстан аумағында жерасты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды  «24KZ». 

Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 1 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 13:17-де  Қырғызстан территориясында орын алды. Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4.9, ал энергетикалық сыныбы K=11.2 құрады.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Ауғанстанда да магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Сонымен қатар 28 қыркүйекте Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым қашықтықта, сондай-ақ сол күні түстен кейін Алматы облысы аумағында да жерасты дүмпулері байқалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз: