TikTok тікелей эфирінде әдепсіз сөз айтқан тұрғынға айыппұл салынды

кадр бейнежазбадан

Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфирде әдепсіз сөздер қолданған азаматты жауапқа тартты, деп хабарлайды «24KZ».

Тексеру нәтижесінде эфирге шыққан 32 жастағы жергілікті тұрғын Айдана Мырзағали, Талдықорған қалалық сотының шешімімен ұсақ бұзашылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістік болып табылатынын қадап айтады. Сөз бостандығы ешкімді құқықбұзушылық пен жалпыға бірдей қабылданған этикалық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Полиция азаматтарды желіде мәдениетті сақтауға, өзгелерді сыйлауға және жарияланатын контенттің кәмелетке толмағандарға да қолжетімді екенін ұмытпауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз: