Қонаевта тұрғын үй өртенді
Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты.
Бұл жайында куәгерлер "112" желісіне хабарлаған. Кейін оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, 120 адам эвакуацияланды. Оның 30-ы бала. Қазір тілсіз жау толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.