Атырауда лифт құлап, үш адам зардап шекті

фото: ЖИ

Атырауда төрт адам мінген лифт үшінші қабаттан құлап, үш тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы тұрақты. Тағы бір адам медициналық көмектен бас тартқан.

Оқиға 5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында болған. Лифт құлаған кезде оның ішінде төрт адам болған.

Жедел жәрдем қызметкерлері үш тұрғынды ауруханаға апарып, медициналық тексеруден өткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы тұрақты.

Оқиға орнына Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов барып, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен кездесті. Қала әкімі лифтінің құлау себебін жедел анықтауды, сондай-ақ қаладағы лифтілердің техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін тексеруді тапсырды.

Жағдай әкімнің жеке бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыз: