Астанада автотұрақта тұрған 5 көлік өртеніп кетті

фото: depositphotos.com

Астанада тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта 5 жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды 24KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Сарайшық ауданындағы А. Байтұрсынұлы көшесінде болған. Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан от бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, жалынды жедел сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар қатты жел кезінде оттың өте жылдам таралуы мүмкін екенін ескертеді. Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыз: