Елордалық полиция көлік тонаушыны ұстады

Елордалық полиция көлік тонаушыны ұстады

Күдікті дабылға қосылмаған екі бірдей автокөлікті ашып, кейбір заттарды жымқырып үлгерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлері бейнебақылау жүйесі арқылы оның ізіне түсіп, жеке тұлғасын да анықтады. Қазір ол азамат қамауға алынып, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.