Павлодарда жылу трассасының шұңқырына түсіп кеткен әйел қатты күйік алды

Павлодарда жылу трассасының шұңқырына түсіп кеткен әйел қатты күйік алды

Павлодарда әйел адам жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті.

Павлодардағы Н.Назарбаев даңғылы мен Ак.Шокин көшелерінің қиылысында жылу жүйелерінің жарылуына байланысты жөндеу жұмыстары жүріп жатқан, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

«Облыс орталығының 63 жастағы тұрғыны өзінің абайсыздығынан жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті. Ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан», - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жәбірленушінің жағдайы ауыр деп бағалануды. Қазіргі уақытта әйел №1 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр, күйік 45% құрады.