Полицейлер жолда қалған Қырғызстан азаматтарын құтқарды

Қарағандылық полицейлер күн аязда орта жолда қалып, үсік шалудың аз-ақ алдында қалған қырғыз елінің азаматтарын құтқарып қалды. 

Шетелдіктердің көліктері Қызылорда-Павлодар тас жолының орта шебінде тоқтап қалған. Ең жақын елді мекенге жаяу жетпек болған көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жол жиегінде кетіп бара жатқан жерінен табылған. Көршілес елдің азаматтарын осы кезде қызметте жүрген полицейлер көріп қалған. Кейін бірден қонақ үйге апарып, қозғалтқышы істен шыққан көлігін жөндеу орнына жеткізіпті. 

Хуснидин Рахымжан, қырғыз елінің азаматы:

- Молодежный кентіне 25 шақырым жетпей көлігіміз сынып қалды. Бізге полицейлер келіп жылытты, бұларға көп рақмет.