432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

  • 209
  • UPD: 23:00, 01.03.2021

Алматыда қиыршық тас тиеген жүк көлігі жер астына түсіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыр техниканың алдыңғы бөлігі ғана көрінетін видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінің алдында болған. Көлік жүргізушісі аман-есен. Ал сол маңайда болған мейрамхана қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша миы шайқалып, кеудесінен соққы алған. Жүк көлігінің салмағы жер астындағы жылу мен су құбырына зақым келтірген. Соның кесірінен аумақтағы 400-ден аса тұрғын үй мен 10 балабақша, 6 мектеп пен 9 аурухана жылусыз қалды. Алматы қаласы Жылу энергия кешені компаниясының өкілдері жылу мен ыстық су түнгі он бірге дейін беріледі дейді. Кінәлілер тергеуден соң анықталады.

Сергей Коллегов, көлік жүргізушісі:

– Мен мұнда қиыршық тас алып келген едім. Өздері көрсеткен жерлеріне төкпек болып, көлікті артқа қарай жүргізген кезде жер ойылып түсіп кеттім. Жүк көлігімнің артқы жағы майысып қалды, өзім дін аманмын. Енді не болатынын білмеймін.

Хабар 24 телеарнасы