Алматы облысында көлік қаққан төрт оқушының біреуі көз жұмды

Алматы облысында көлік қаққан төрт оқушының біреуі көз жұмды

Алматы облысында жол апаты кезінде жарақат алған төрт оқушының біреуі көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы хабарды өңірдің денсаулық сақтау басқармасы растады.

Жол апаты 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында болған еді. Мас күйінде көлік жүргізген 54 жастағы азамат жол бойында тұрған 8-9 жасар төрт қыз баланы қағып кеткен. Үшеуі ауруханаға түсті. Екеуінің жағдайы ауыр болған. Қазір ауруханада жатқан екі қыздың біреуінің жағдайы қалыпты. Екіншісі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ал қайғылы оқиғаға себепкер болған жүргізуші тергеліп жатыр.