Екібастұзда 93 жастағы зейнеткер бесінші қабаттан құлап кетті

Екібастұзда 93 жастағы зейнеткер бесінші қабаттан құлап кетті

Екібастұзда бүгін, 6 сәуір күні 93 жастағы зейнеткер өзінің немқұрайлылығы салдарынан тепе-теңдікті сақтай алмай, 5-қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кеткен.

Бұл туралы Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Екібастұз тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факт тіркелді. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.