432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дауыл салдарынан Атырау облысындағы ауыл мектебінің шатыры ұшып кетті

  • 101
  • UPD: 17:55, 07.04.2021
Дауыл салдарынан Атырау облысындағы ауыл мектебінің шатыры ұшып кетті

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылында дүлей дауыл тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға кеше кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Қатты желдің салдарынан келген шығын көлемі әлі белгісіз. Зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, 1984 жылы салынған 600 орындық мектеп 2014 жылы 50 млн теңгеден астам қаражатқа күрделі жөндеуден өткен.

Хабар 24 телеарнасы