Алматыда есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

Алматыда есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

Алматыда есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды. Құрамында 10 адам болған топты 27 жастағы ер адам басқарған.

Полиция олардың ізіне былтыр қыркүйек айында түсіп, кеше қаланың қақ ортасында өткізген арнайы операцияның арқасында қолға түсірді. Күдіктілер Ресейден синтетикалық есірткі жасауға арналған заттарды тасып, олардан мефедрон әзірлеген. Кейін нашаны Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында таратыпты. Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындап, сезіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.