Алматыда жол ережесін өрескел бұзған көлік иесі қамалды

Алматыда жолдың қарсы бетіне шығып кеткен көлік жүргізушісі 5 күнге тұтқындалды.

Сондай-ақ оған 155 мың теңге айыппұл салынды. Ессіз жүргізуші өз әрекетін телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Жол ережесін бұзған азамат 24 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ол қарсы жолға шығып, басқа жүргізушілерге қауіп төндіргенімен қоймай, бағдаршамның қызыл түсін кесіп өткен.

Оқиғаны тексерген полиция қызметкерлерінің айтуынша, айыпты тізімнен шығарылған көлікті тізгіндеген екен.