ШҚО-дағы Лесхоз кентінде өрт толық ауыздықталды

ШҚО-дағы Лесхоз кентінде өрт толық ауыздықталды

Ал орман аумағындағы жекелеген өрт ошақтары әлі сөндіріліп жатыр.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице министрі Марат Күлдіков хабарлады. Ол үшін 500 ге жуық маман мен 70 техника жмылдырылған. Кеше әуеден екі тікұшақ сөндірсе, бүгін Павлодар мен Нұр-Сұлтаннан тағы екеуі көмекке келді. Дәл осы уақытқа дейін жалпы аумағы 310 гектар жер жанып кеткен. Өрттен зардап шеккен аумақта тәуліктік кезекшілік құрылып, тұрғындарға әлі көмек көрсетіп жатыр. Босап қалған тұрғын үйлерді ұры-қарыдан қорғау үшін ол маңға патрульдік қызмет экипаждары қойылған.