Астанада есірткі таратумен айналысқан апасы мен сіңлісі ұсталды

Елорда аумағында синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан қылмыстық топ анықталды.

Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде Абылай хан даңғылында 38 және 40 жастағы екі әйел ұсталды. Апалы-сіңлілі күдіктілер елордаға Ақмола облысынан келген. Тінту кезінде әйелдерден салмағы 5 грамм синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Кравцов көшесіндегі жалдамалы пәтерді тінту кезінде құрамында синтетикалық заттар бар 15 пакет және синтетикалық есірткінің 90-нан астам бір реттік дозасы тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.