Қызылордадағы балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Қызылордадағы балаларға арналған ойын-сауық орталығында жарылыс болды.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Алайда ғимараттың бірінші қабаты түгел өртеніп кетті. Жарылыстың қатты болғаны соншалық жақын маңайдағы бірнеше үйді зақымдаған. Өрт сөндіру жұмыстарына 50-ге жуық құтқарушы мен 12 техника тартылды. Оқыс оқиғаға газ жүйесіндегі ақау себеп болған.