Түйе қағып, оқиға орнынан кетіп қалған атыраулық ұсталды

Түйе қағып, оқиға орнынан кетіп қалған атыраулық ұсталды

Түйені қағып, жол апаты орнынан кетіп қалған атыраулық жүргізуші анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

17 шілде күні сағат таңғы 05:00 шамасында Атырау – Орал тасжолы бойынан Алмалы ауылы бағытына қарай келе жатқан маркасы Ваз-21101 автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, түйе малына соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалғандығы анықталды. Соққы салдарынан түйе малы оқиға орнында мерт болған.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде аталаған автокөліктің 59 жастағы жүргізушісі анықталып, оған қатысты іс-құжаттар жинақталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.