Павлодар облысында заңсыз балық аулаған Ресей азаматы қолға түсті

Павлодар облысында заңсыз балық аулаған Ресей азаматы қолға түсті

Шідерті ауылы маңындағы Қантай көлінен аумен балық аулады деген күдікпен Ресей Федерациясы азаматы ұсталды.

Тексеру кезінде 62 жастағы ер азаматынан 5 ау, резеңке қайық пен жүзден астам тұқы балығы табылып тәркіленді. Сондай-ақ Көктөбе ауылдық округінің Шыған ауылының маңындағы Белая өзенінің жайылмасында 49 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің қайығынан салмағы 14 келі бекіре тұқымдас балық табылған.