Өскеменде әйел адам суға батып кетті

Өскеменде әйел адам суға батып кетті
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өскеменде суға шомылу үшін жабдықталмаған су айдынын таңдап алған әйел суға батып кетті.

Өскеменде Үлбі өзенінде шамамен 21 сағатта 1973 жылы туған әйел суға батып кетті.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол шомылуға арналған күшті тоғаны таңдап, өз күшін есептемеген. Бұл оқиға санаулы минуттарда болған, ол тіпті айқайлап та үлгермеген. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақыру орнына келген соң жағалауға тексеру жүргізілді, суға түсу кезінде қаза тапқан адамның денесі табылды.

«Жазатайым оқиғалардың негізгі пайызы адамдардың абайсыздығына байланысты. Егер азаматтар құтқарушылардың ұсыныстарын сақтап, таратылатын жадынамаларда көрсететін және рейдтер өткізу кезінде айтатын барлық ережелерді егжей-тегжейлі зерделейтін болса, қайғылы оқиғалар айтарлықтай азаятын еді», – деп атап өтті Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко.