Павлодарда үш көлік соқтығысты

Павлодарда үш көлік соқтығысты

Павлодар қаласында 3 көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 08:13-те Малайсары мен Мүткенов көшелерінің қиылысында «Лада Гранта» және «Ауди» автокөліктері соқтығысқан. «Лада» соққыдан қоқыс таситын «ЗИЛ» маркалы көлікке соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде», - деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.