Алматыда тау бөктерінен өрт шықты

Алматыда тау бөктерінен өрт шықты

Алматы маңындағы тау бөктерінде қураған ағаштар өртеніп жатыр,  деп хабарлайды Хабар 24 Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәлеметінше, 5 қыркүйекте сағат 16:05-те Медеу ауданындағы Думан ықшамауданы, Аман Бөктер көшесі 46-үй маңында қураған ағаштар өртеніп жатқаны анықталған. Өрт сөндіру бригадасы дереу оқиға орнына барды.

«Оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам, 5 техника, табиғи өртті сөндіру жөніндегі жиынтық жасақ қосымша жіберілді. Солтүстік жағынан өрт ошағының жеке секторға өту қаупі туындады. Оларды оқшаулау үшін өрт оқпандары берілді», – деді ТЖД өкілі.

ТЖД мәліметінше, бұл – облыс аумағы. Бірақ Думан ықшамауданы тұрғындарынан қоңырау көп түсуіне байланысты Алматы ТЖД Өрт сөндіру жасақтары жіберілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің бірінші ошағы 1 гектарды, екіншісі - 1,5 гектарды шарпыған.