Алматыда жол апатынан екі адам көз жұмды

© Sputnik

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшып, тағы бесеуі зардап шекті.

Қайғылы оқиға бүгін таңда болған. «Субару» және «Митсубиси» көліктерінің соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен жолаушылардың бірі сол жерде тіл тартпай кетті. Қазір тәртіп сақшылары апаттың себебін анықтауға кіріскен. Сараптама тағайындалды.