Қарлы боран елдің шығысына жетті

Шығыс Қазақстан аймағы да боранның астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнде облыс орталығы мен бірнеше шалғай аудандарда қатты жел соқты. Қарлы боран Аягөз қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің және Ұлан ауданы, Бестерек ауылындағы мектептің  шатырын ұшырған. Зардап шеккендер тіркелмеген. Бұған дейін өлкеде күн райы бұзылып, желдің екпіні 28-30 метр секундына жететіні, кей жерлерде одан да қатты боран соғатыны жайлы ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер боранды күн райы ертең де жалғасатынын мәлімдеді.