Боралдайда қолдан арақ жасап шығарған цех анықталды

Боралдайда қолдан арақ жасап шығарған цех анықталды

Алматы облысында алкоголь өнімдерін өндіріп келген жасырын цех анықталды.

Боралдай кентінің бұрын істі болған тұрғыны өз үйінде арақ-шараптың танымал маркаларын шығарып отырған. Мұны облыстық қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті жедел шара барысында анықтады. Тінту барысында 11,5 мың акциздік марка, 110 литр спирттік зат, 120 бөтелке ішімдік тәркіленді. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.