Қызылордада жеңіл көлік дарияға батып кетті

Қызылордада көлік дарияға батып, 27 жастағы жігіт опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қасындағы жолаушысы әупірімдеп аман қалған. Оқыс оқиға таңғы 4-тер шамасында болған.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, салонда 2 адам болған. 27 жастағы жолаушы жағаға өздігінен шығып үлгерді, ал жүргізушінің өлі денесі табылды. Іздестіру жұмыстарына 17 құтқарушы мен 4 арнайы техника жұмылдырылды.

11 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Елордада есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тінту кезінде ұйымдастырушыдан 11 жарым келі наша тәркіленді. «Бұл аса ірі көлемдегі шамамен 2 жарым мың есірткі мөлшері болып саналады», - дейді полицейлер. Қазір 6 күдікті қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

ҚОЙМАДАН ӨРТ ШЫҚТЫ
Павлодарда қойма өртенді. Өрт сөндірушілер келгенде ғимарат ішіндегі металл рекаторлар жанып жатқан. Тілсіз жаумен 40 құтқарушы күресті.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

СЕЙФ ҰРЛАП ҰСТАЛДЫ

Алматыда фирмадан сейф ұрлаған екі ер адам ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, жігіттердің біреуі екінші қабаттағы кабинетке терезе арқылы кіріп 1,5 млн. теңге сақталған сейфті сыбайласына лақтырып жіберген. Қазір екеуі де қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

ТӘРТІП БҰЗУ МАҚТАНЫШ ПА?

Павлодарда 19 жастағы жүргізуші өзінің жол ережесін бұзғанын ұялы телефонына түсіріп алған. Бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеген оны полиция қызметкерлері бірден тауып, 59 мың теңге айыппұл салды