Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Tengrinews.kz

Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан «Алтын Бұлақ-2» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. 120-ға жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Хабар 24 Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғын үй кешінен өрт 10 желтоқсанда кешкі уақытта шыққан. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, сағат 23:58-де Алматы ТЖД өкілдері өрт шыққан Алмалы ауданына келген. Өрт сөндіру қызметі келген соң 6-7-қабаттарда, сондай-ақ, тұрғын үй кешенінің 17-18 қабаттарында екі блокта бір уақытта өрт шыққаны анықталды.

«Оқиға орнында жедел штаб құрылды, шығыс және батыс жағынан газ-түтіннен қорғау қызметінен жауынгерлік учаскелер құрылды, бүгінде 120-дан астам адам эвакуацияланды, 20 адам құтқарылды, өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар қосылды. Баспалдақ торларындағы түтінді азайту үшін жою автомобилі жұмылдырылды. Эвакуацияланғандардың саны өзгеріп жатыр», - деді ТЖД өкілдері.