Елімізде тағы бір қорықшы қаза тапты

Елде тағы бір қорықшы көз жұмды. Оқыс оқиға бүгін таңертең Батыс Қазақстан облысында болды.

Теректі ауданының Ақжайық ауылынан 15 шақырым жердегі Бударин қорығына 3 ер адам аң аулауға шыққан. Полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша 3 азаматтың бірі қаруды оқтап жатқанда қасындағы серігін атқан. Көз жұмған азамат Батыс Қазақстан облысы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі Серік Мәженов.

Лунара Аманғалиева, БҚО ПД Баспасөз қызметінің жетекші маманы:

- 1977, 1976, 1977 жылы туған үш ер адам аң аулаған. Қаруды қайта оқтау кезінде 1977 жылы туған ер адам оқ атқан. Нәтижесінде оқ 1977 жылы туған басқа ер азаматқа тиген. Аталған азамат ауруханаға жеткізіліп, кейін ауруханада көз жұмған. Аталған факт сотқа дейінгі тергеп тексеру бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және тиісті сараптамалар тағайындалып тергеу әрекеттері жүргізіуде.