Шымкент электр жарығынан ажыратылды

Шымкент электр жарығынан ажыратылды

Шымкент қаласы да электр жарығынан ажыратылды.

Аймақтағы тілшіміздің хабарлауынша, бүкіл қалада электр қуаты үзілген. Қала көшелерінде бағдаршамдар істен шығып, ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Ал тұрғандар интернет желісін де пайдалана алмай шағымданып жатыр. Әкімшілік аталған жағдайға байланысты түсініктеме берген жоқ. Тек қаланы электр қуатымен қамтамасыз ететін КЕГОК компания желісінде апат болғанын жеткізді.