Өткен жылы елордада 653 өрт тіркеліп, 15 адам қайтыс болған

Өткен жылы елордада 653 өрт тіркеліп, 15 адам қайтыс болған

2021 жылы орын алған өрттерге жүргізілген талдау нәтижелері елордада 653 өрт тіркелгенін және оның салдарынан 2 млн.85 мың теңге материалдық шығын келгендігін көрсетті.

Өрттерде 15 адам қайтыс болып, 42 жарақат алды.

Өрттердің шығуының негізгі себебі электр құралдарын қолдану кезінде монтаждау ережелері мен техникалық пайдаланудың ережелерінің бұзылуы, отты абайсыз қолдану (темекі тарту кезінде, алаулардан ашық от көзімен жарықтандыру) тұрмыстық электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы, пештерді орнатып қолданған кездегі ӨҚЕ бұзылуы.

Сонымен қатар, табиғи және техногенді төтенше жағдайлар мен қала аумағында өрттердің санын азайтудың факторларының бірі болып адамдармен ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылатынын ескере отырып, бүгінгі күні халықты қоғамдық жерлерде үгіт-насихат құралдарын тарату арқылы ақпараттандыруға оқыту өткір қажеттілік тудырып отыр. Айта кетсек, елордадағы «Төтенше жағдай» енгізлуіне байланысты тұрмыстағы қауіпсіздік бүгінгі күні өзекті сұрақтардың бірі болып табылады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ерлік жолға, Отанға және халыққа қызмет ету мақсатында Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына жоғары білім беру мекемесіне қабылдау басталды. Оқыту тегін.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД