Қарағандыда жігіт ұрланған автокөлікті бөлшектеп тастаған

Қарағандыда жігіт ұрланған автокөлікті бөлшектеп тастаған
Tengrinews

Қарағандыда жігіт ұрланған автокөлікті бөлшектеп тастаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 29 жастағы азаматша хабарласып, белгісіз біреу өзі тұратын көпқабатты үйлердің ауласынан автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 350 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 1 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы азамат ұсталды. Тергеу барысында ұсталған азамат ұрланған көлікті бөлшектеп бұзып тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.