Ақсуда жол апатынан екі полицей зардап шекті

Ақсуда жол апатынан екі полицей зардап шекті
Pavlodarnews.kz

Куәгерлер жол апатынан кейін түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Instagram әлеуметтік  желісіндегі парақшалардың бірінде  бұзылған патрульдік көлік тіркелген видео пайда болды.

Оқиғаға қатысты Ақсу полиция бөлімінде түсінік берді.

– 3 ақпан күні сағат 16:50 шамасында Әуезов көшесінің бойында Mazda автокөлігінің жүргізушісі автотұрақтан шығып, автопатрульге жол бермеді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі қызметкер ауруханаға медициналық көмекке жүгінді, – делінген полиция хабарламасында.