ТЖД: Қар құрсауында қалғандар құтқарылды

ТЖД: Қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Өткен демалыс күндері қар құрсауында қалған 77 адам құтқарылып, 59 бірлік техника шығарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райының тосын мінезін ескермей жолға шыққандардың арасында 4 бала бар. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарындағы аймақтық және республикалық маңызы бар күре жолдарда қалғандар құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болған.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жолда қалған азаматтар жылыту пункттеріне жеткізілді. Авариялық-құтқару операцияларына 27 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқару қызметі,  алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып,  автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізу қажеттігін ескертеді.