Ақтөбелік тұрғыннан ірі көлемде есірткі заты тәркіленді  

Ақтөбенің 44 жастағы тұрғынынан ірі көлемде есірткі заты тәркіленді. Оны тінту барысында полиция қызметкерлері 35 полиэтилен түйіншегін тапқан.

Сараптама қортындысы оның 2 келіден асатын марихуана екенін көрсеткен және ұсталған ер адам сол сәтте есірткі тұтынғаннан масаң күйде болыпты.

Тергеу кезінде ақтөбелік бұл заттарды бір танысынан алғанын айтады. Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында иісшіл иттер 7 келіден астам марихуана тектес зат тапқан. Есірткі сатушы оны үйдің балконында жасырыпты.

Қазір осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Қазіргі таңда ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қара нарықта тәркіленген есірткінің сомасы – 3 млн теңгеден астам. Айналымға жіберілмеген тәркіленген есірткі заттары 19 мыңнан астам бір реттік дозаны құрады.