Елорда тұрғыны биткоин арқылы ₸130 млн жымқырды

Елорда тұрғыны биткоин арқылы ₸130 млн жымқырды

Елорда тұрғыны криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

Үш ай бойы биткоин арқылы 130 млн тенге қаражат жымқырған. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Ұсталған ер адам 10 жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, соңғы 3 жылда криптовалютамен байланысты алаяқтық фактілері 10 есеге артты. Ал залал сомасы жүздеген миллион теңгеден асты.