Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңдарының бірінде кран құлап, бір жұмысшы қаза тапты.

Қайғылы оқиға Тұран даңғылы бойындағы үйдің маңында болған. 

«Тексеру нәтижесінде мұнаралы кранның құлауының себебі мен жағдайы анықталады. Тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылдау үшін материалдар қалалық Полиция департаментіне жолданады», - деп хабарланды елорда әкімдігі баспасөз қызметінен.

Әкімдік тапсырмасы бойынша тиісті комиссия құрылмақ. Оның құрамында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі салалық комитетінің өкілдері мен басқа да өкілетті мемлекеттік органдардың мамандары енетін болады. Комиссия техникалық талаптарға сай келмейтін мұнаралы крандарды тексереді.