Атырау облысында бір топ күдіктіден қару-жарақ тәркіленді

Атырау облысында бір топ күдіктіден қару-жарақ тәркіленді
Иллюстративті фото / 24.kz

Атырау облысының тұрғындарынан қару-жарақ тәркіленді. Облыстық полиция қызметкерлері күдікті бір топ адамды ұстады.

Жалпы тоғыз адам тұтқындалды. Ұсталғандардың бірі 1996 жылы туған ер адам дәстүрлі емес діни ағымның жақтаушысы екені анықталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде екі мылтық, екі тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ екі травматикалық тапанша тәркіленген. Күдіктілер қамауға алынды және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттерге, оның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезеңінде қатысқаны тексеріледі.