Елордада рұқсатсыз жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды

Елордада рұқсатсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі оның электр тарату желісіне заңсыз қосылғанын айтып отыр. Тексеру кезінде криптовалюта шығаруға арналған арнайы жабдықтар анықталды. Пысықайлар былтыр қараша айынан бастап осы күнге дейін құны 21 миллион теңгеден асатын криптовалюта басып үлгіріпті.