Теңіз кенішінде болған өрт себебі анықталып жатыр

INFORM.KZ

Атырау облысы Теңіз кенішінің маңында болған өрт бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді, деп хабардайды «Хабар 24».

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Естеріңізге салайық, кеше Теңіз кен орнының маңында сұйық әрі тез тұтанатын қалдықтың кесірінен 2800 шаршы метрді құрайтын аумақ өртке оранған еді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынмен күресуге «Теңіз Шевройлдың» өрт сөндіру-авариялық құтқару қызметінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, мердігер мекеменің 6 қызметкері мен 2 техникасы, сонымен қатар Төтенше жағдайлар Департаментінің 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.