Талдықорғанда көлік иелерінен жүйелі түрде пара алып отырғандар ұсталды

Талдықорғанда көлік иелерінен жүйелі түрде пара алып отырғандар ұсталды

Алматы облысында көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеті әшкереленді.

Бөлім басшысы мен оның қарамағындағы екі маман 2021-2022 жылдар аралығында көлік иелерінен жүйелі түрде 50 мыңнан 280 мың теңге аралығында пара алып отырған. Сол үшін оларды әкімшілік жауапкершіліктен босатқан, деп көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметте. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, көліктік прокуратура және жемқорлыққа қарсы облыстық департамент қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде қолға түскен күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.