Павлодарда жүк тиеушіге контейнер құлады

Павлодарда жүк тиеушіге контейнер құлады
pavlodarnews.kz

59 жастағы жүк тиеушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға 3 наурыз күні сағат 10.30-да Генерал Дүйсенов көшесіндегі 284-ші үйдің ауласында орын алды.

- Тиеу жұмыстары барысында ЖШС-нің 59 жастағы жүк тиеушісіне қоқыс контейнері құлады, - деді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр.

Көптеген жарақат пен травматикалық шок алған. Қан жоғалтқан.