Жас кәсіпкерлерден 200 мың теңгеден пара алған – Алматы облысы

Жас кәсіпкерлерден 200 мың теңгеден пара алған – Алматы облысы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы облысындағы аудандық филиал басшысыларының бірі жас кәсіпкерлерден 200 мың теңгеден пара алып отырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол үш ол «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібін енді бастағандарға несие алып берген. Қызметтік бабын асыра пайдалану және пара алу дерегін еліміздің қаржы мониторингі агенттігі анықтады. Күдіктінің аты-жөні әлі жарияланған жоқ. Қазір аталған мәселе бойынша ҚР ҚК 253 бабы бойынша тергеу амалдары аяқталып, іс прокуратураға жолданған.