Елордада 124 жол апаты болды

Кешегі тайғақта елордада 124 көлік апаты болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қосшымен екі ортада бірден 12 көлік соқтығысты. Абырой болғанда кісі өлімі жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендердің жарақаты жеңіл. Жол апатына кінәлілер күннің қолайсыздығын ескермей жылдамдықты шамадан асырған. Қазір күдіктілер мен куәгерлерден жауап алу жұмыстары жүріп жатыр, дейді қалалық Полиция департаменті. Сонымен бірге жолды қардан тазартуға 600 техника мен 1300 маман жұмылдырылған. 4 мың тоннадай тұз аралас құм себілді. Соңғы аптада республикалық маңызы бар трассаларда 86 рет жол жабылған. Әсіресе, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар өңірлерінде жол жиі жабылды.