Алматы облысында адасып кеткен туристер құтқарылды

Алматы облысында адасып кеткен туристер құтқарылды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы асуы мен Бартоғай су қоймасы аумағында жоғалып кеткен туристер құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Бельгия және Франция азаматтары болып шықты. Еліміздің көрікті жерлерін тамашалау мақсатымен таулы аймаққа сапарға аттанған саяхатшылардың көлігі бұзылып, спутниктік телефонның «SOS» түймесін басу арқылы хабарлама жіберген. Оны Америка Құрама Штаттарында байланыс қызметін көрсететін компания қабылдап алып, Қазақстанның елшілігіне жолдайды. Дипломатиялық өкілдіктен жеткен хабарлама бойынша жоғалған туристер тез арада табылып, Алматы қаласына жөнелтілді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің мәліметінше, шетелдік саяхатшылар медициналық көмекті қажет етпеген.