476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бір ай бұрын жоғалып кеткен келіншек табылды

  • 175
  • UPD: 09:23, 29.03.2022
Бір ай бұрын жоғалып кеткен келіншек табылды

Түркістандық полицейлер бір ай бұрын жоғалып кеткен келіншекті тапты. 

Бір қызығы, аяғы ауыр әйел өзінің іздеуде жүргенін білмеген. Азаматтық некедегі жұбайымен бірге көрші облыста қыдырып жүріпті. Ақпан айында анасы қызының ауруханаға кетіп, содан бері байланысқа шықпағаны туралы арыз жазған. Оны іздестіруге тәжірибелі полицейлер мен волонтерлер жұмылдырылды. Нәтиже болмаған соң халықаралық іздеу жариялауға тура келген.      

Сұлтанбек Үсіпбеков, Түркістан Облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

– Аталған азаматша Жамбыл облысының Жаңатас елді мекенінде анықталып үйіне қайтарылды. Қазіргі таңда азаматша не себепті үйінен кеткені бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы