Елордада жоғалған 4 балықшы табылды

Елордада жоғалған 4 балықшы табылды

Елордада кеше 4 балықшының жоғалып кеткені айтылып еді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті әлгі адамдардың табылғанын айтып отыр. Төртеуі де дін аман. Одан бөлек дауыл кесірінен ел астанасында 3 адамның жарақат алғаны мәлім болды. Оның бірі бала. Дәрігерлер оларға алғашқы көмек көрсеткен. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Қазір елордадан Қарағанды, Павлодар және Петропавл бағыттарына баратын жолдар жабық. Кеше қалада желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткені айтылды. Осының кесірінен шатыры жұлынған үйлер, қирап қалған көліктерді де көрдік. Мамандар шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.

Елдор Райымбеков, қалалық ТЖД басқарма басшысы: